04.07.2023
92
![](/uploads/shorttexts/author_image/mrm.png)
Кішіге ересегі қарамай ма...
Кішіге ересегі қарамай ма?
Үлкенді қазір іні ағалай ма?
Әже жоқ арқалаған немересін,
Баласын арқалаған Ана қайда?!
Тірсегін майыстырып, терлеткенмін,
Әпкемнің арқасында ер жеткенмін.
Өзім де етек жауып, ес білгесін,
Бесігін қарындастың тербеткенмін.
Біреуі балалардың біріне ерді,
Қаншама арқаладым інілерді?!
Қиындау болғанымен
Сол күндерді
Еске алсам елжіреймін бүгін енді.
Көргенде көтерген сол кей інімді,
Шешкендей болам, Өмір, түйініңді:
Сәбилер бірін-бірі арқалаған,
Сыйлайды бір-біріне мейірімді...