04.07.2023
110
Жер қайысып даңқыңнан...
Жер қайысып даңқыңнан,
Сарай салсаң да алтыннан,
Жоғары одан тұрса да
Арың,
Бағың,
Нар тұлғаң,
Серттен,
Таймай антыңнан,
Болсаң да асыл азамат
Елде жоқты бар қылған.
Елің үшін шарқ ұрған,
Биік емессің халқыңнан!
Жыр еткен ел, ән қылған,
Болсаң да асқақ ақылман,
Халық үшін от кешіп,
Қанаты өртке шарпылған,
Көрген кісі көсем деп,
Үлгі алса да қалпыңнан,
Ерсе де елің артыңнан,
Биік емессің халқыңнан!