04.07.2023
116
Махаббат
Мен мына махаббатқа таңғаламын
Ғашық жанның түсінбес жан қалауын
Бақытты кездерімде байқамаппын
Бақытқа бөлеп тұрып алдағанын
Мен осы махаббатты түсінбедім
Жүректерді жаулап алар тылсым бедің
Сезбейді ол, мендегі ғашық отын,
Бақыт таппай жүректің күрсінгенін
Мен енді махаббатты қаламаймын
Қолын бұлғап шақырса қарамаймын
Шынайы ғашық едім бір кездері
Ал енді шын сүюге жарамаймын