Сағындым (1-бөлім)
Сағындым жаным өзіңді
Мөлдіреген көзіңді
Айтушы едің күн түні,
Сүйемін деген сөзіңді.
Ойлаймын сені күн түні
Сезімде жүрмін біртүрлі
Сағындым балдай ерніңді,
Сағындым жаным күлкіңді
Келбетіңді сағындым
Бөлшегі едің жанымның
Бірге өткізген күндерді,
Сағындым жаным сағындым
Ғашықпын әлі өзіңе
Білесің оны өзіңде
Қоштасып едік екеуміз,
Өмірдің сол бір күзінде
Сағынғанда өзіңді
Жұмамын қатты көзімді
Өткен күнді еске алып,
Аңсаймын тәтті сезімді
Сағыныш мені қинайды
Кеудеме жүрек сыймайды
Ұмытуға тырыссам,
Қимайды жүрек қимайды
Сағыныш оты сөнбейді
Айтқанға жүрек көнбейді
Ол қайтып келмес десем де,
Сенбейді жүрек, сен дейді.
Сүйесің мені білемін
Амалсыз өмір сүремін
Жүрегім жылап жатсада,
Жалғаннан жаным күлемін
Өзіңе жетпес қолдарым
Әнімді саған жолдадым
Сағынған кезде өзіңді,
Апармас менің жолдарым
Өлеңді жазу себебім
Ойымда жалғыз сен едің
Мен сені жаным күтіп ем,
Келмедің бірақ келмедің