04.07.2023
  130


Автор: Ташкенбай Бекарыс

Сағындым (2-бөлім)

Көзді ашып жұмғанша,
Бір күн өтті қасқағым.
Көп ұзамай өзіңе,
Жаңа өлең бастадым.

Айтар сөзім ішіме,
Сыймай жатыр білсең ғой.
Мәңгі бірге қасымда,
Ойнап,күліп жүрсең ғой.

Көз алдым сенсіз қараңғы.
Өткенім тырнар жарамды.
Отырмын тағы мұңданып.
Қолыма алып қаламды.

Қиын екен сағынған.
Келші деп жүрек жалынған.
Қоштасқан кезде білдіртпей,
Көз жастан моншақ тағынғам.

Қиналар жүрек мендегі.
Сағыныш әлі сөнбеді.
Қанша уақыт өтседе,
Басқаға жүрек көнбеді.

Күндерім өтпес көңілді.
Сағындым өткен күнімді.
Есіме түссе сенсіздік,
Жек көріп кетем өмірді.

Отырмын аңсап өзіңді.
Еркелеп айтқан сөзіңді.
Аллам қайтарып берсе ғой,
Сол бақытты кезімді.

Айтушы едім өзіңе,
"Жалғызым сенсің" деп қана.
Жүректің мұңын ақтарып,
Саған жаздым тек қана.

Сенсізде күнім өтуде,
Бірақ іште өкініш.
Егерде мені сағынсаң,
Хабарласшы өтініш.

Ұзын сөздің қысқасы,
Жалғызым сені сағындым.
Көп қинамай жүректі,
Түсінші сырын, жанымның.


 





Пікір жазу