Жалғызым
Сен менің өмірдегі сыңарымсың
Алладан жалғыз ғана сұрарымсың
Сағынғанда тек өзіңді ойлап жүрем
Жалғызым жүрегімнің жыр әнісің
Сен менің өмірдегі бақытымсың
Жүректің түбіндегі жақұтымсың
Жалғызым мен сені сағынамын
Сағыныштан толады көзіме мұң
Сен менің арманымсың сеземісің
Менімен сезім бағын кеземізің
Жалғызым қос аққудай бірге болып
Тағдырдың ағысына жүземісің
Сен менің жалғызымсың жалғандағы
Сенсіз өмір сүргенім жалған бәрі
Жалғызым дәрігерсің жүрегімнің
Емдемейді жүрегімді жалған дәрі
Сезімім өзің үшін теңіз дегем
Сені сүйдім жаралы жүрекпенен
Сеніменен қосыла алмай қалсам егер
Сенсіз өмір болады Тозақпен тең
Сені сүйдім жалғызым, арманым деп
Сенде сүйші болашақ жан жарым деп
Сен менің барым, нәрім, байлығымсың
Жүрсең болды қасымда сен күлімдеп
Сені ойласам ойларым бітер емес
Сұлу бейнең көз алдымнан кетер емес
Жалғызым сені сүйдім жан тәніммен
Бәрі кеш сені ұмыту мүмкін емес
Мен сенің көздеріңе қарағанда
Мұң көрінді мөп-мөлдір жанарыңда
Бұл әніммен тарихта қалмасамда
Жүрегіңде мәңгілік қаламынба
Жақсы келін боларсың деп үміттенем
Қосыла алмай қалам ба деп күдіктенем
Жалғызым сен күлімдеп қарағанда
Өмір сүрем сүйер деген үмітпенен
Сенсіз өмір қараңғы біле білсең
Қасымда мәңгі бірге жүре бер сен
Жалғызым армадарға жетелеймін
Қолымнан қысып ұстап жүре білсең