03.07.2023
  140


Автор: Ташкенбай Бекарыс

Мен өзгердім

Мен өзгердім, баяғыдай емеспін
Сен мен үшін жәй бір енді елессің
Болып едің кеше менің сүйгенім
Бұл күндері маған ешкім емессің

Мен өзгердім, сенде қазір басқасың
Менен кетіп тауып алдың басқасын
Амалым не, бақытты бол өмірде
Ақылыңмен өмір сүрер жастасың

Мен өзгердім, өзгеруде өмірім
Бұрынғыдай емес енді көңілім
Өткен күнім сенімімнен айырды
Айтшы енді кімге сенсін көңілім





Пікір жазу