03.07.2023
87
Өмір екен
Өмір екен
Өмірім өзгерместен өтерме екен
Басымнан бақытсыздық кетерме екен
Мына мендей түңілген бейшараны
Біреу келіп бақытты етерме екен
Бұл махаббат түбіме жетеді екен
Түнім менің түңілумен өтеді екен
Қуанғанда бірге жүрген адамдарым
Мұңайғанда хабарсыз кетеді екен
Бәрі сенің қасыңда қалмайды екен
Уәде беріп соңында алдайды екен
Көңіліңді қалдырған адамдарға
Үміт шіркін қайтадан жанбайды екен
Миым менің ойлаудан тынбайды екен
Ойым менің түнімді ұрлайды екен
Сырларымды ауызбен айтпағасын
Амалсыз көзімде жас тұрмайды екен
Расында да бұл өмір жалған екен
Бақыт деген мен үшін арман екен
Мақсатыма қайтсемде жетемін деп
Кезінде өзіме көп алған екем