03.07.2023
  96


Автор: Ташкенбай Бекарыс

Мейлі

Мейлі


 


Мейлі сағын, мейлі мені сағынбағын


Мейлі сен тағдырыңа бағынбағын


Бұл өмірде тек қана сені сүйген


Ғашық жанның әні деп қабылдағын


 


Мейлі орал, мейлі сен оралмағын


Бастысы бұл өмірден жоғалмағын


Құдайдан бақытымды сұрап едім


Сен менің шын бақытым бола алмадың


 


Мейлі жыла, мен үшін жыламағын


Мейлі шыда, тек өмірде құламағын


Мен сүйетін мөп мөлдір көздеріңді


Өкінініштің жасына бұламағын


 


Мейлі сенсіз күн түнімді өткіземін


Жүректі алдап бақытты еткіземін


Көз алдыңда айталмаған сөздерімді


Ақ қағаз, көк сиямен жеткіземін 


 


Мейлі алда, сүймеймін деп хаттар жолда


Мейлі самға, құсым болып қолға қонба


Мейлі мені сүймесең сүймей ақ қой


Тым мейрімсіз, тас жүрек адам болма


                                           


  Б.Ж.Ташкенбаев





Пікір жазу