03.07.2023
160
Қызғанамын
Қызғанамын
Қызғанамын қасымда жүрмегесін
Не істеп жүрсің, қайдасың білмегесін
Себепсіз қызғандың деп айып тақпа,
Қызғанамын көңілім сен дегесін.
Қызғанамын кейде сені өзімненде.
Білмеймін сені көрген көзімненбе?
Ойланамын өзгесін таптыңба деп,
Сөздеріңнен бір суықтық сезілгенде
Сезімімді тексерем деп қызғандырма
Сені сүйген жүректі мұздандырма
Алғашқы рет шынайы сүйгенімде
Көңілімде күдікті бір із қалдырма