03.07.2023
  64


Автор: Серікбай Оспанов

Жұлдыз

Емесі анық ол көкем,


Емес туыс ұл-қыз да.


Неге құмар болды екен


Жұрттың бәрі жұлдызға?


 


Жымың қағып жатса кіл,


Көріп жүрміз көктен гүл.


Планета үшін басқа бір


Жер де жұлдыз ба екен бұл?!


 


Алыстағы денені


Аңсатты не халқыма?


Жұлдыз болып келеді


Арулардың аты да!


 


Жыр да талай шығардық,


Арқау болып жүр әнге.


Жылтыраққа құмарлық


Емес пе екен бұл әлде?


 


Қызықтырған сәні ме,


Қашықтыққа қарамай?


...Қол жетпестің бәріне


Ынтық болған Адам-ай!





Пікір жазу