03.07.2023
  72


Автор: Серікбай Оспанов

Қалаға көшкен қарт сыры

Қалада ма?


Қалада бәрі басқа!


Қарамайды жұрт онша кәрі, жасқа.


Орын беру жоқ мұнда көліктерде,


Сәлем беру жоқ мұнда танымасқа.


 


Үлкендерге аз мұнда төрін берген,


Тойға барсаң, орның да нөмірленген.


Ешкім қонақ қолына су құймайды,


Алдыруды білгенмен соғымды елден.


 


Мұнда көрпе салмайды төрге шық деп,


Көп қабатты тас үйлер, бөлме, есік көп.


Ерулікке шақырған бір көршім жоқ,


Бұл үйіме кіргелі мен көшіп кеп.


 


«Інімізге» біреу кеп су құйғандай,


Көшіп кеттік ауылда бір үй қалмай.


Қора да жоқ, мал да жоқ, пұшаймансың,


Есігіңнің алдын да күрей алмай.


 


Ойнап жүрген жүгіріп жас баланың


Жер сүймейді, тіледі тас-табанын...


Ашық-жарқын аулым-ай,


Аулай алмай


Қойдым мына қаланың қас-қабағын!





Пікір жазу