03.07.2023
  74


Автор: Серікбай Оспанов

Айы бір туып оңынан...

Айы бір туып оңынан,


Бақыты сол ғой жанғаны –


Серпіліп жігіт,


Қолынан


Құс болып ұшса арманы.


 


¥шырған құсы зымырап,


Құлатса, жетіп қашқанға,


Басынан бөркін жұлып ап


Атпай ма қазақ аспанға.


 


Ерекше ән мен күй бүгін,


Кереге кердік кең жерде.


Не жетер, шіркін,


Жүйрігің


Бәйгеден озып келгенге?!


 


Жанығып от боп жанасың,


Жанкүйер жансың баршаға.


Ондайда сезбей қаласың


Жеңгең кеп шымшып алса да.


 


Мерейің үстем, тұр өсіп,


Қуырса тұлпар даланы,


Тілегің атқа ілесіп,


Жүрегің бірге шабады.


 


Төрдесің, биік өрдесің,


Жарқырап шыққан күндейсің.


Аңсағаныңды көргесін,


Шаршағаныңды білмейсің!





Пікір жазу