03.07.2023
120
Ағайынға наз
Еліме бұл еркелеп,
Еркін жүрсем деп едім.
Қайғы-мұңды желкелеп,
Серпіп жүрсем деп едім.
Үлкенді – аға, кішіні
Інім десем деп едім.
Күлімдетіп кісіні,
Күлімдесем деп едім.
Жатсынбай мен жандарды,
Жатсынбаса деп едім.
Өмір осы арманды
Басқа ұрмаса деп едім.
Күнге-күндер жалғанды,
Болмай қойды дегенім.
Сонда да сол таңдарды
Армандаумен келемін.
Не боп кетті маңайым,
Күнде айқай, күнде дау?!
Айналайын, ағайын,
Ақ көңілім кірледі-ау!..