02.07.2023
87
Шаттықтарым, аптықтарым, жан мұңы...
Шаттықтарым, аптықтарым, жан мұңы,
Дос, туысқан, қала, дала сан гүлі,
Жарым, бағым, ұлым, қызым, Ай мен Күн –
Құйттай ғана жүрегімде барлығы!
Жан сырым-ау, неткен ауыр жүк едің,
Салтым, халқым, ән мен жырым, жүр елім.
Сан ойладым, қалай бәрін сыйдырып,
Қалай бәрін көтереді жүрегім?!
Қорғасындай ауыр бірі-бірінен,
Алуан ой көтереді ол түнімен.
Бұл дүние бал-бұл ұшар көзімнен
Жүрегіме жүк артпаған күні мен?!