02.07.2023
  125


Автор: Серікбай Оспанов

Түскелі теңге...

Түскелі теңге


Ардың алдына,


Ақ, қараны елде


Тани алды ма?


 


Халқымның наны,


Жарқырағаны –


Сатылды бәрі,


Сатылады әлі.


 


Елене бермес


Кісілігің де.


Түк керек емес


Түсінігің де.


 


Жағалайды елді


Талтаңды баға:


Бағалайды енді


Қалтаңды ғана!





Пікір жазу