02.07.2023
  52


Автор: Серікбай Оспанов

Орындалды ма...

Орындалды ма


Көңілдегім?


Көңіл қалды ма,


Төрімде кім?!


 


Көшіп келгенге


Құшағымды аштым.


Қауіп төнгенде,


Кеудеме бастым.


 


Тауымыз бір боп,


Тоғыстым күнде.


Жауымыз бір боп,


Соғыстым бірге!


 


Жанасқанында


Жанастым күнде.


Адасқанында


Адастым бірге.


 


Көп істі шешіп,


Ойладым бірге,


Жеңісті кеше


Тойладым бірге.


 


Қазақ едім ғой


Сезім сияқты.


Таза дедім ғой


Өзім сияқты...





Пікір жазу