02.07.2023
  71


Автор: Серікбай Оспанов

Жаным жаралы...

Жаным жаралы


Жалындамады.


Атар таңдарым


Сағымданады.


Өкінішті өмір


Лағылданады...


 


Жаным жаралы –


Қаным жанады.


Жалғастарымда


Жаным қалады.


Жырым қалады,


Әнім қалады.


Қара жер анық


Тәнімді алады.


Өкініш –


Емі


Табылмағаны!





Пікір жазу