02.07.2023
162
Сүйеймін демеймін, сүйеймін!
Ешкідей өрген
Желдеді бәрі...
Өзің көрген
Жердемін әлі.
Шығады батып,
Қайта күнім.
Пенденің әні
Айтатыным.
Мазасыз уақыт
Сұрағын артып,
Келіп-кетіп
Тұрады бақыт.
Жер ғана маған
Бабамнан қалған.
Ел ғана маған
Бабамнан қалған.
Теңеу таппаймын
Оған жалғаннан!
Байлансам егер
Соған байланғам.
Қайралсам егер
Соған қайралғам.
Қайтқан құстай мен
Аспанға ұшпаймын.
Пенде ғанамын,
Жерде қаламын.
Ақталсын жер –
Еңбегі Ананың!