meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.07.2023
  97


Автор: Серікбай Оспанов

Салса да жол жиі азапқа...

Салса да жол жиі азапқа,


Қиялдайды екенсің.


Жолдасыңды қиянатқа


Қия алмайды екенсің.


 


Ақымақ па, ақылды ма,


Қалай кейде таңдайсың?!


Үйреніскен атыңды да


Айырбастай алмайсың!





Пікір жазу