01.07.2023
  52


Автор: Құрбан айт

Құтты болсын Құрбан айт, Әкетайым!

Сыйластық пен ынтымағын беретін,
Құтты болсын Құрбан айт, Әкетайым!
Отбасының жүрегі, тірегі сіз,
Жүріңізші күлімдеп, жоқ боп уайым!

Қабыл болсын дұғаңыз, ниетіңіз,
Қабыл болып құрбандық шалғаныңыз.
Әкетайым асқар тау, аман болшы,
Қуанышта атып әрбір таңдарыңыз!

Әр ісіңіз оң болсын, берекелі,
Шаттықты боп Әкетай әр күніңіз.
Көшті бастап біздерге, жолды бастап,
Ортамызда Әкетай сіз жүріңіз.





Пікір жазу