01.07.2023
  41


Автор: Құрбан айт

Құрбан айтта қабыл боп

Құрбан айтта қабыл боп ниетіңіз,
Айттан айтқаәрдайым сіз жетіңіз.
Ақ дастархан үстінде айттық жасап,
Арта берсін сыйластық, құрметіңіз.

Ағайындар, туыстар аман болып,
Тыныш бейбіт лайым заман болсын!
Құрбан айтта құрбандық жасағандар,
Қабыл болсын ниетіңіз, көңіл толсын!

Әр отбасы бақытты күйге еніп,
Жарық болып жүздері күлімдесін.
Айттан айтқа жетіп бар игі жандар,
Бұл өмірдің сындары білінбесін!





Пікір жазу