01.07.2023
  75


Автор: Құрбан айт

Құрбан айтта жарассын ренжіскендер

Мұсылмандар мерекесі шаттық беріп,
Құрбан айтта жарассын ренжіскендер.
Ағайындар, туыстар тату болып,
Болмасыншы лайым реніш күндер.

Әрбір айтта сыйласып, бас қоссын бір,
Ағайындар, туыстар бауырларым.
Ағайын жұрт, туғандар құтты болсын,
Құрбан айт бұл баршаңа, қауымдарым.

Құрбан айтта бірінші айт күнінде,
Ниет етіп құрбандық жасаған бар.
Қабыл болып дұғаңыз, ниетіңіз,
Алға қадам сәтті қып бас адамдар.





Пікір жазу