29.06.2023
  282


Көшербай Гүлістан Ермаханқызы

Аллаға айт сырыңды

Біреудің сөзі мұңайтса, 


Біреудің сөзі қуантар.


Біреулер келіп жылатса, 


Біреулер келіп жұбатар. 


Өмір болған соң, 


Барлығына көне бермейсің. 


Кейде жылылыққа, 


Ал кейде махабатқа шөлдейсің. 


Жыныңды жылытыр жанды, 


Алыстан іздейсің, 


Ал ол сенің қасында, 


Екендігін мүлде сезбейсің. 


Бақытқа жету жолында,


Жүрегің соғып орнында


Ертеңгі күнді армандап 


Бүгінмен өмір сүрмейсің.


Қиялда мейлі қиялда, 


Береді бәрін бір Алла.


Аллаға айт сырыңды,


Жүректегі мұңынды.


Сонда ғана жетерсің,


Армандаған шыныңды.


 





Пікір жазу