29.06.2023
  165


Автор: Медбикелер күні

Медбикелер ғажайып ем қылатын

Науқастардың қасынан табылатын,
Медбикелер ғажайып ем қылатын.
Еңбектері олардың елден ерек,
Науқастарға шынайы берер көмек.

Әрбір ісін ұқыпты жасайды олар,
Науқастарға қарайлап күндіз-түні.
Медбикелер расында ерекше жан,
Ем жасайтын науқасқа неше түрлі.

Науқастарға жақын жан медбикелер,
Қан қысымын өлшейтін, дәрі беріп.
Дәрігердің нұсқауын орындайтын,
Жұмысына жүреді жанын беріп.





Пікір жазу