meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.06.2023
  128


Автор: Медбикелер күні

Медбикелер жайнаңыз

Медбикелер жайнаңыз, жадыраңыз,
Медбикелер күнінде жылда келер.
Саулықтарың мықты боп әрқашанда,
Қуаныштар көп болсын орын тебер.

Істеріңіз оң болсын жасап жатқан,
Ризалығын алып сіздер бар халықтың.
Арайлы таң шуағына бөлей берсін,
Жылу беріп сендерге бұл жарық күн.

Орындалсын лайым асқақ арман,
Аман болып отбасы, жақындарың.
Медбикелер жасай бер, гүлдей жайна,
Ойлайтұғын қашанда елдің қамын!





Пікір жазу