29.06.2023
189
Құттықтаймын мейірбикелер күнімен
Құттықтаймын Мейірбикелер күнімен,
Мейірбике Анам менің асылым.
Бар жақсыны өзіңізге тілеймін,
Тілек тілеп іштей ғана жасырын.
Жана берсін Анашым-ау еңбегің,
Жұмысыңда бар жақсылық орналып.
Саулығыңыз мықты болып Анашым,
Қуаныштар бола берсін жалғанып.
Ұжымдастар ортасында Анашым,
Гүлдей жайнап жүріңіз тек күлімдеп.
Арайлы таң бөлеп сізді нұрына,
Сәттілігін жалғай түссін күнің тек.