meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.06.2023
  272


Автор: Медбикелер күні

Мейірбикелер күнімен құттықтаймын

Мейірбикелер күнімен құттықтаймын,
Он екінші мамырда келетін бұл.
Күндеріңіз жарқырап, жайнай берсін,
Шуағы мен шаттығын беретін бұл.

Ашық болып аспаның Мейірбикелер,
Көңілдерің жайнасын гүл көктемдей.
Абыройың асқақтап жұмысыңда,
Жүріңіздер бар маңды гүлді еткендей.

Сіздерсіздер екпе егіп ем жасайтын,
Науқастарға арнайтын бар көңілін.
Жаратқаным жар болып Медбикелер,
Жұлдыздайын жайнасын бар өмірің.





Пікір жазу