29.06.2023
327
Медбикелер күнімен
Құттықтаймын сіздерді шын жүректен,
Ақ халатты медбикелер күнімен.
Істеріңіз оңды болсын лайым,
Бар қуаныш сезіліп нұр жүзіңнен.
Медбикелер науқастарға ем жасар,
Ризалығын алыңыздар еліңнің.
Бүкіл халық сезсін сіздер жасаған,
Рахаты мен шипасын бар еміңнің.
Көктемдегі құлпырып тамыр жаятын,
Медбикелер жайнаңыздар гүлдей боп.
Науқастарға екпе егіп, ем беріп,
Жүріңіздей жылу берер күндей боп.