meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.06.2023
  216


Автор: Медбикелер күні

Құтты болсын медбикелер күні бұл

Он екінші мамырда есік ашар,
Құтты болсын медбикелер күні бұл.
Медбикелер істеріңіз оңды боп,
Қуанышта шыға берсін үнің бұл.

Науқастарға емдік шара жасайтын,
Қолдарыңыз дерт көрмесін лайым.
Амандықта гүлдей жайнап жүріңіз,
Саулықтарың мықты болып әрдайым.

Аман болсын отбасыңыз, жақының,
Жүздеріңіз нұрлы болып әрқашан.
Жасаңыздар медбикелер, тек алға,
Тәнті болып істеріңе барша адам.





Пікір жазу