12.03.2021
  326


Автор: Ақгүл Тұрсынбай

Анаға тілек


Алтын күнім, жарқын нұрым, жұмағым,
Сарқылмайтын, балдай тәтті бұлағым.
Ұрпагғыңа деп арнаған ғұмырың
Ұзақ болсын-Тәңірімнен сұрарым.

Жәннат бағым, шұғылалы жарығым,
Өмір мәнін бір өзіңнен таныдым.
Мені кемел келешекке жеткізген-
Көкірекке кұйған құнды тәлімің.

Ана, сенсіз қызығы жоқ ғаламның,
Өзің жоқта жалғызсырап қаламын.
Жабырқасам, жұбанышты жаныма
Жанарыңның тұнығынан аламын.

Аман жүрші, ауырмашы, Ай-күнім,
Орнамасын көңіліңе қайғы-мұң.
Туған күнің құтты болсын бүгінгі,
Қымбаттыдан қымбат жалғыз байлығым!




Пікір жазу