27.06.2023
  120


Жәңгір хан тұсындағы қазақ қоғамының жәйі

Халықтың тарихы қашанда,қай заманда да сол халықты басқарған патшалармен хандардың,ел қорғаған батырлардың ұрпағына үлгі-өнеге,ақыл-иесі жандардың есімімен тығыз байланысты жазылып,солар арқылы танылып жататыны белгілі.Демек,бастан түрлі-түрлі заманды,қилы-қилы кезеңдерді өткерген ата-бабаларымыздың тарихын танып білуге ұмытылуымыз қажет.


Бүгінде тарихшылар өткенге шыншылдықпен қайта қарап,тарихи шындықты қалпына келтіруге,олардың тарихи шындықты қалпына келтіруге,олардың тарих сахынасында өз орындарын табуға бар күш жігерлерін салып,елеулі жұмыстар жүргізуде.


Әлі де болса,қазақ тарихында зерттелмеген алып тұлғалар жетерлік.Қазақ халқы үшін жанын пида еткен ұлы бабаларымызды тарихқа қайта әкеліп,келешек ұрпаққа таныту біздің басты борышымыз.


Санғасырлық тарихында қазақ халқы тприх сақынасында талай атақты ақындармен батырларды,кемеңгер ақыл-ой иелері мен ел басшыларын шығарды.


Халық дарынды қайраткерлердің есімдерін ұзақ уақыт қастерлеп,жадында ұстап келеді.Дегенмен бірталай біртуар азамаматтарымыз соңғы жылдарға шейін еленбей келгені де баршамызға аян.


Оның өзіндік тым тереңде жатқан сыры болады.Осы сырды ашып,әрбір тұлғаға әділ бағасын беру үшін үлкен қажырлық пен табандылық саяси саналылық қажет.


Кезеңде әртүрлі пікірлер айтылған оның ішінде терісте,оңда сипаттаулар берілген тұлғалардың бірі  - Бөкей ордасының соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы.Бізге мектеп табалдырығынан белгілі бұл есім негізінен Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты айтылып,тек қаралаумен ғана сипатталады.


Хан тағына 1823-1824 жылы отырған Бөкейдің баласы Жәңгір хан күрделі тұлға.Оның өмірі ғажайып трагедиялық сыры бар қайшылықтарға толы.Орданы Жәңгір билеген кезде шаруашылық,саяси-әлеуметтік қандай өзгерістер болғанына көңіл бөлейік.


Жәңгірдің бұл саладағы қызметі жөнінде ұзақ жылдар бойы Бөкей ордасында болып,әдейә зертеу жүргізген И.С.Иванов Жәңгірдің хан тағына отырған кезеңде басқару ісіндегі көптеген қолайсыз жағдайларға душар болғанын,алдымен сұлтандармен күрес жүргізуге тура келгенін сенаторЭнгель мен Орынбор әскери губернаторынан көмек күткен үміті ақталмағанын жазады.


Ол бірінші патша әкімшілігінің толық қолдауына сүйене отырып,көшпенділерді отырықшылардырды,хуторлар салдырды,қырда пішен шабу,ағаш отырғызу,шөп тұқымын асылдандыру,мектептер мен мешіттер ашып,өзен шөбі бойында,Жайық бойында Кулагин қамалынан Гурьевке дейін Каспий теңізі бойында,Эльтон мақалда көлемді сауда операцияларын жүргізді бұл жағынан алғанда ол өз заманынан озып туды.


 


 


1801 жылы Павел патша « Кіші жүз қазағының хан кеңесінің бастығы Нұралы хан Ұлы Бөкей төрені өзіме қабыл аламын,көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін,мейірімдігім түскендігін білдіру үшін қара бауға тағып,мойына іліп жіберуге салған алтын медаль беремін,-деген жарлық шығарады.


   Бұл кіші жүге Жайықтан өтуге,Еділ-жайық арасын жайлауға берілген рұқсат болатын.Еділ мен Жайық арасын 18 ғасырдың 70-ші жылына дейін қалмақтар мекендеген.Олар өздерінің тарихи отанына көшкенен кейін екі өзеннің ортасы иесіз қалған болатын.


   Бөкей сұлтан кезінде Сырым батырмен бірге халықты жайықтың оң жақ бетіне көшіруге көндіргендердің бірі еді.


   Бұл жарлықтың шығуына ондаған жылға созылған ұлт-азаттық қозғалысын тыныштандыруға бағытталған патшаның саясаты,хандыққа ұмтылған Бөкейдің мақсаты және қазақты ата қонысына көшіруге ұмтылған Сырым батырдың арманы ұштасып жатқан еді.


  1801 жылы Бөкей бастаған он мыңға жуық отбасы жайықтың оң жағына көшкенен кейін,Ішкі Орда хандығы құрылып,оның ханы болып Бөкей сұлтан сайланды.Жаңа құрылған хандықты Бөкей 1815 жылы өзі өлгенше басқарды.


  Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды.1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болған соң,Бөкейдің інісі Сығай сұлтан биледі.14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді.Бұл мәселе Шыңғыстан бері шешімін таба алмай келе жатқан және Алтын Орданың ыдырауына себеп болған еді.


  Ұлы даланың хандары өздеріне мұрагер қалдырмайтын.Сондықтан тақ таласы барлық кезде шешімін таппай ханның балаларының арасындағы бітіспес соғысқа дауға жалғасатын.Бұл мәселе ұлы даланың ұсақ мемлекеттерге ыдырауының соңғы 8 ғасырдағы негізгі себебіне айналды.Ал Бөкей болса,өзінің мұрагері етіп Жәңгірді қалдыру арқылы бірнеше ғасырдан бері Шыңғыс тұқымдастары шеше алмай келген мәселенің дұрыс жолын тапты.


  Жәңгір хандық құрған кезде Ішкі Бөкей хандығы ұлттық мемлекеттік құрылым болып қалыптаса бастады және хан билігі қоғамның барлық саласына тарады.


  Қазақстан тарихында алғашқы рет Жәңгірдің кезінде хандық билік рулар арасындағы мал жайылымдарын бөлу барымта және көрші халықтармен  арақатынастан басқа шаруашылыққа,әлеуметтік мәселелерге ,білімге,мәдениетке,ішкі және сыртқы саясатқа тікелей араласатын.Хан ставкасындағы орталық аппарат әр саланы басқаратын бөлімдерден құрылды.Онда қазақша,орысша,татарша ісқағаз жүргізуші қызметкерлер болды.Ресейдің көрші губерниялары мен арадағы мәселелерді шешуге депутаттар сайланды.Хандық 14 аймаққа бөлінді,әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері болды.Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші,тәртіп сақшыларының қызметін атқарды.


  Оратлық аппаратта ханның бұйырық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды.


  Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық,салық,қаржы саясатын жүргізді.Олар Ресей губернияларындағы жәрменкелерге қатысып,тауарларға сұранысты іздеу,айырбас мәселелерді,ханның қазынасына кірістің уақытында түсуі және ханның қазынасы мен халықтың сауда-экономкалық мүддесін қорғады.Ханның жанында 175 адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды.Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткіз мен қатар оны іске асыру болды.Хандықтың құрамындағы 17 ру ірілендіріліп,10-ға дейін қысқарды.


  Әрбір үлкен ру бөлімшеге атаға бөлініп,оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды.Барлығы 120 отбасы болды.Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды.Олар да әкімшілік бірлік болып саналады.


  Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған еді.


  Жәңгір ханның реформаторлық әрекеттері қармағындағы халықты жер өңдеуге және отырықшылыққа бейімдеді,білім-ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді,халықтың тұрмыс мәдениетін дамытты,мешіт арқылы халықтың сана сезіміне оң әсер етті.


  Жәңгірдің тағы бір реформаторлық қырынан көрінген әсері Нарын құмының ортасындағы жайлауды жасқұстағы тұрақты ставкасын-резиндециясын орыс патшасының қазынасының есебінен салуы еді.Хан ставкасында жан-жақтан келетін қонақтарды қарсыласуға барлық жағдай жасалды.


Онда еупропаша жиhаздалған залдар,саз,шахмат,бильярд салондары болды. Хан резиденциясынан басқа,мешіт,мектеп,банк,архив,мұражай,қазына сияқты толыққанды мемлекеттерге қажетті атрибуттар түгел болды.


  Хан Ордасында барлығы 150-ден астам үй болды.Онда қазақтардан басқа орыс,татар,башқұрт,армян және ханға қызмет еткен Астархань,Орал қазақтары болды.


Білім,ағарту және өнер


  Хан ставкасында арабша және орысша оқытатын 60 балалық мектеп қазақстанда алғашқы рет 1841 жылы ашылды. Сонымен қатар,Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан 70балаға дейін оқытатын жеке мектептер болды.Жәңгірдің кезінде халықтың ақшасына мектептер мен мешіттер салғызды және әрбір белгілі ру мен тайпаның өз молдалары болды.Жәңгірдің тұсында Ордадағы молдалардың саны 13-тен 400-ге дейін өсті.


  Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді. Ханның жанынан жоғары діни дәреже-Ахунды бекітті.


  Молдалар халықты ханға адал қызмет етуге уағыздады.Сонымен қатар,олар ұстаздық қызметпенде айналысты.


 


 





Пікір жазу