meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.06.2023
  117


Автор: Серікбай Оспанов

Күн мен көлеңке

Бірі – дана, ақылман,


Бірі – залым ақырған.


Бір-біріне тартпаған,


Шыққанмен бір жатырдан.


 


Бір атқа өсті мінгесіп,


Тербеткен де бір бесік!


Екі жаққа екеуі


Кетті өзгеше күн кешіп.


 


Атақты адам ғалымы,


Белгілі елге залымы...


Құтқарып жүр залымын


Ғалымының жарығы.


 


Ғалым елге ақылдас,


Залым басын қатырмас.


...Күн мен қара көлеңке,


Болған қалай жатырлас?!





Пікір жазу