26.06.2023
97
Зағип сөзі
Көрмейді деп ойлама сен, қысылма,
Көзім әрбір саусағымның ұшында.
Жүрегімнің дірілінде, денемде,
Сенбеңіздер мені соқыр дегенге!
Жеткізбеген адамзатты қайда арман,
Барлық денем қазір көзге айналған.
Мен емеспін есіркейтін сөз күткен,
Таяғымның ұшына да көз біткен!
Сақта құдай, көңілі соқыр ездіктен!