meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.06.2023
  108


Автор: Серікбай Оспанов

Оңай дейсің бе, өз ошағыңды өзің ойрандау...

Оңай дейсің бе, өз ошағыңды өзің ойрандау,


Оңай дейсің бе, ол жайлы мүлде ойламау?!


Опынасың ғой,


Отырасың ғой талқан боп,


Ондай күніңнен, сақтай көр өзің, ой, Алла-ау!


 


Бодауына өзім болайын дедім бозқасқа,


Таратар қайғы таба алмай қойдым сөз басқа!


Дертің кетпейді өкінгеніңмен өткенге,


Өртің өшпейді булыққаныңмен көз жасқа!





Пікір жазу