26.06.2023
  64


Автор: Серікбай Оспанов

Артында өшпес із қалып...

Артында өшпес із қалып,


Өткендер аз ба алашта?!


Кетеді екен тез жанып


Қызуы мықты ағаш та!


 


Оралып қайта көктемдер,


Ұшады қайта нұр қонып.


Жұлдыз боп жанып кеткендер


Шығады қайта гүл болып.





Пікір жазу