26.06.2023
  60


Автор: Серікбай Оспанов

Жан таныдым...

Жан таныдым,


Өмірлі ән таныдым,


Сыйынатын өмірде бар тәңірім:


Өлең жолы, қос ішегі домбыраның –


Бір соғады солармен қан тамырым!


 


Домбырамын өзім де!


Тартады кім?


Шерте білсе шешілем...


Артады үнім!


Мұзым еріп,


Егіліп сала берер


Гималайым, Алатау, Хантәңірім!





Пікір жазу