26.06.2023
67
Кеудем – дала, бар оның да қыраны...
Кеудем – дала, бар оның да қыраны,
Болат тұяқ, темірқанат, қырағы.
Саңқ-саңқ етіп самғап ұшты кей күндер,
Кей күндері биіктерден құлады.
Кеудем – аспан, аққу ұшқан салып ән,
Жолдас-жорам сұлулық деп таныған.
Бірде қатал, бірде нәзік
Жаралған
Менің жаным екеуінің жанынан!