26.06.2023
194

Сыйластарың – өзіңді құптайтындар...
Сыйластарың – өзіңді құптайтындар,
Жөн-жосықсыз көңілді жықпайтындар.
Сөйлеп тұрып, әйтпесе, бір-ақ тілде
Толып жатыр бір-бірін ұқпайтындар.
Сыпырылар көңілдің түнегі де,
Сыйластыққа не жетсін бұл өмірде?!
Тілінде емес тек қана,
Адамдардың
Түсінуі бір-бірін – жүрегінде!