26.06.2023
  41


Автор: Серікбай Оспанов

Өзгереді қалай жылдам...

Өзгереді қалай жылдам,


Өзгерді ғой  адам бүгін.


Жолдас болған талай жылдан


Әдіре қалды адалдығым.


 


Ұятымнан бүгін енді


Қорлық көре бастадым-ау...


Әзәзілдің күні келді,


Қалғыма, Арым – асқағым-ау!





Пікір жазу