meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.06.2023
  116


Автор: Серікбай Оспанов

Күндіз-түні жұмысың бір бітпеген...

Күндіз-түні жұмысың бір бітпеген,


Жақсы екен ғой тынымсыз тірлік деген.


Махаббатсың, о, өмір, тұрған тұнып,


Сүйгендіктен өзіңді жыр ғып келем.


 


Жыр ғып келем,


Мен алға жылжып келем,


Бір жіппенен үзілмес шындық деген.


Жолаушымын алысқа сапар шеккен


Ақ арман, ұят, намыс... мың жүкпенен.





Пікір жазу