26.06.2023
79

Бір-біріміз үшін бүгін қайғырмай...
Бір-біріміз үшін бүгін қайғырмай,
Қайғысы бар жан кездессе қайрылмай,
Амандық жоқ, саулық та жоқ,
Зорланып
Қол береміз үнсіз-түнсіз маймылдай.
Мейлі арлы бол, мейлі сонша арсыз бол,
Жан-жағыңнан жауды кеп сансыз қол.
Әне-әне, бара жатыр қол бұлғап
Машинаның артында да жансыз қол...