26.06.2023
  82


Автор: Серікбай Оспанов

Қимағаныммен Жарық – Ананы...

Қимағаныммен Жарық – Ананы,


Өмір-ау сенде бәрі қалады.


Маржанымды да, арзанымды да


Уақыт өзі танып алады.


 


Қиналғаныммен қимай қалғанын,


Мен сыйған жерге сыймайды Арманым!


...Қандай жақсы еді,


Армандарымды


Жыр етіп елге сыйлай алғаным?!





Пікір жазу