26.06.2023
  120


Автор: Серікбай Оспанов

Ең жақыным, ең тәттім, ең тұнығым...

Ең жақыным, ең тәттім, ең тұнығым,


Солмайтұғын бар әсем екі гүлім.


Жүрсе екеуі еркелеп, бақыттымын,


Жүрсе екеуі мендегі серпілді мұң!


 


Екеуінде арманы,


Еркім бүгін,


Ұмыт болды жалғыздық,


Жетімдігім!


Екі қызым – бірі – Күн, бірі Айым,


Мен айналған Жер шары секілдімін!





Пікір жазу