26.06.2023
71
Әзиз әже-ай, жаныңды әркім біледі ме...
Әзиз әже-ай, жаныңды әркім біледі ме,
Мен сенің сусап жүрем тілегіңе.
Оқ болып қадалады
Қапыда айтқан
Соғыс деген суық сөз жүрегіңе.
Әжетай-ай, жоққа нанып баласың ба,
Әлде өзің тым қартайып барасың ба?
Әскерге адам көрсең экраннан:
«Әкешің жоқ па – дейсің – арасында?!