meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.06.2023
  109


Автор: Серікбай Оспанов

Орысбайға

Пән емес бәлкім, ағарып атқан таң сендей,


Мәңгілік осы қалпыңда, достым, қал сөнбей!


Алыстау жүрсең көргенше қайта сағындым,


Туысқаным да жоқ шығар, сірә, дәл сендей?!


 


Дәл сендей, рас, жоқ шығар жақын досым да,


Ойлаймын соны – бақыт та, мұң да осында!


Ақ көңілдің біз ақ ордасында жүрейік,


Күйкі тұрмыстың тұрсақ та қара қосында!





Пікір жазу