26.06.2023
  62


Автор: Серікбай Оспанов

Жансарай

От шалды ма керегесін,


Өртім кейде өз демім боп,


Жансарайым терезесін


Жаспен жуған кездерім көп.


 


Басқа болып барамын мен,


Жабығады жансарайым.


Қабағыңмен,


Жанарыңмен


Құшағыңа алшы, ағайын!


 


Аспандатып арманымды,


Жарық берші сарайыма.


Алғанымды,


Бар жанымды


Шашайын бір маңайыма.


 


Қайғы-мұңды ұмытайын,


Шаршамайын,


Ән салайын.


Шуақ болып жылытайын


Елдің мен де жансарайын.





Пікір жазу