25.06.2023
  89


Автор: Серікбай Оспанов

Сегізінші Наурыз ғой – күн ғажайып...

Сегізінші Наурыз ғой – күн ғажайып,


Ақын достар, қыздарға жыр жазайық!


Бүкіл әлем шаттықтан тұратындай,


Жер бетінен кеткендей мұң да азайып!


 


Қай-қайдан да естисің шаттық үнін,


Көктем – Ару құшағын ашты бүгін.


Төкті нұрын, шуағын,


Қуанышын –


Шашу етіп далаға шашты гүлін!


 


Сегізінші Наурыз бұл – ерекше күн,


Жұпар ауа –


Көрдің бе жел ескенін?!


Аяулым-ау назданшы,


Күндегіден


Бақыттырақ болуың керек сенің!


 


Сыйлай алдым ба екен мен саған бақыт,


Көңілімді қойды-ау сол алаңдатып.


Қуанышың – бақытым,


Сен қуаншы,


Керек емес ештеңе маған да артық.


 


Сегізінші Науырзым – күн бұл Ару,


Қуан еркем, бізге тән шын қуану.


...Жаулап алар сұлулық, нәзіктікпен,


Гүл мен күлкі болсашы күллі қару!





Пікір жазу