25.06.2023
  80


Автор: Серікбай Оспанов

Болса деп өзім соқпағым...

Болса деп өзім соқпағым,


Қара жолдарда соқпадым.


Бұрылмай бекеттерге де,


Елсізге кейде тоқтадым.


 


Төте де жүрдім қыр асып,


Сайрап та көрдім сырды ашып.


Шыңырау түстім, шыңға асып,


Не істемейді шын ғашық?!


 


Әуре боп келем, әлі аз ба,


Өзіммен болдым араз да.


Соқпағым қалсын жүректе,


Соқпағым қалсын қағазда!


 


Көз ілмей қарсы ап таңды да,


Қарадым артқа,


Алдыма!


Алдымда аңсар арман бар,


Соңымда соқпақ қалды ма?!





Пікір жазу