25.06.2023
82
Кездері көп басым тасқа соғылған...
Кездері көп басым тасқа соғылған,
Пәле болу келмей қойды қолымнан.
Талай кісі алдап кетті оп-оңай,
Адастырды талай адам жолымнан.
Ақымақ бір ақылы кем демеңдер,
Ақылды да кісі емеспін кемеңгер.
Ақын едім аңқылдаған ақ жүрек,
Жақсылыққа жаны жылып, елеңдер.
Өмір заңы батар, қайта шығар Күн,
Шынар өсер орнына қарт шынардың.
Бұл өмірге бала болып келіп ем,
Бала болып өтетұғын шығармын...